Көшербаевтардың көшелі ісі

1304

0

Көшербаевтар әулеті әуелі облыстық медицина орталығында болып, 60 қызметкердің әрқайсысына 20 мың теңгенің конвертін табыстады. Айтбай Көшербай бастаған отбасы мүшелері ол қаржыдан бөлек, орталыққа жалпы құны 1 млн, 50 мың теңге тұратын үш дана микробтан залалсыздандыруға арналған аппарат сыйлады. Ал Болат Көшербаев көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлеріне 11 дана қызметтік планшет табыс етті. Бұл індет кезінде халықпен бір болған ақ халаттыларға деген құрметтің бір парасы еді.

Шараның бастан-аяқ басы-қасында Дархан Жомартұлы болды. Өзі арнайы барып, «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар үйінің алдағы оқу жылын тәмамдайтын бітірушілерін қуантты. Олардың мектеп формасы мен оқу құралдарына 700 мың теңгеге жуық қаржы беріп, биыл бірінші сыныпқа баратын Кирилдің оқуға қажетті барлық керегін түгелдеп берді.

Әулет атынан жасалған қайырлы іс бұнымен тоқтамады. Облыстық ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері кеңесіне 200 мың теңгенің сертификаты табысталды. Бұдан өзге «Көкжиек» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық  қорына «Мектепке жол» акциясы аясында 500 мың теңге берілгенін айтуымыз керек.

Біздің қоғамдық қор үнемі осы жігіттің назарында жүр. «Жақсының жақсылығын айту» бізге парыз. Жыл сайын қандай мерекелік күн болсын, құттықтап, қолдау беріп отырады, деді «Көкжиек» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық қорының төрайымы Айман Тұрбаева.

Ержан ҚОЖАСОВ,

«Сыр бойы».

Суреттерді түсірген Н.НҰРЖАУБАЙ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<