Криштиану Роналду жаңа командасына қосылды

783

0

Фото: ашық дереккөзден

Португалдық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасы сапындағы алғашқы ойынын бүгін өткізуі мүмкін.

Португалдық шабуылшы 2 қаңтарда жаңа командасының сапына қосылды.

«Аль-Наср» командасы 1955 жылы құрылған. Қазірге дейін өз елінің біріншілігінде тоғыз мәрте чемпион атанып үлгерді. Ал, 1998 жылы Азия кубогінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Команда құрамында колумбиялық қақпашы Давид Оспина, испаниялық қорғаушы Альваро Гонсалес, аргентиналық жартылай қорғаушы Гонсало Мартинес, камерундық шабуылшы Венсан Абубакар секілді танымал футболшылар ойын көрсетеді.

Қазақстан боксшылары көш басында

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) рейтингінде Қазақстан құрамасы бірінші орында тұр. Бұл жөнінде ҚР Бокс федерациясынан мәлім етті.

«Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің есебінде 48 100 ұпай бар. Екінші орындағы Өзбекстан боксшыларында 37 600 ұпай болса, үздік үштікті 36 300 ұпаймен Үндістан боксшылары түйіндеп тұр» деп жазылған федерация таратқан хабарламада.

Ведомство мәліметінше, IBA рейтингінде барлығы 135 ұлттық федерация боксшылары ұсынылған.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<