Күдікті – өз анасы: Түркістанда екі баланың өліміне қатысты жаңа дерек белгілі болды

299

0

Фото: Tengrinews.kz

Түркістанда екі баланың өліміне қатысты тың мәліметтер белгілі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Балаларды өлтірді деген күдікті – өз анасы. Ол Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы N46 мектеп-лицейінің мектепке дейінгі мекемесінде тәрбиеші болып жұмыс істеген.

Мұны Шиелі аудандық білім бөлімі растады.

«Оқиға толық зерттелмеген және нақты ақпарат берілген жоқ. Қажет емес ақпарат пен болжамдарды таратпауға шақырамыз. Бұл адамды көргендер, танығандар болса, тиісті құзырлы органдарға хабарлауларыңызды сұраймыз», – деді білім басқармасы оқиғаға қатысты.

Еске салайық, 7 ақпан күні Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі кішкентай бала өлі табылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жіберілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер балалардың анасы, Қызылорда облысының тұрғынын іздестіріп жатыр.

Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің айтуынша, күдікті құрбысына балаларының өлгенін және олардың мекенжайын айтқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<