Күн электр станциясының жұмысы тұрақты

736

0

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті Шиеліауданындағы 50 мегаваттық «Байқоңыр» күн электр станциясы белгіленген режимде жұмыс істейтінін хабарлайды.

2020 жылғы 21 маусымдағы жағдай бойынша онда 150 мың фотоэлектрлік панель, 14 орталық инверторлық электрстанциясы және 220/20 кВ «Байқоңыр» қосалқы станциясы жұмыс істеп тұр. Одан 27,4 МВт орташа тәуліктік сағаттық электр энергиясы Ұлттық электр торабына берілу арқылы өндірілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<