Мәдениет, спорт, ақпарат қызметкерлері кәсіподақ күнін атап өтті

588

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен мерекелік жиында мәдениет, спорт және ақпарат саласының қызметкерлері, кәсіподақ көшбасшылары Кәсіподақ күнін атап өтті.

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 303 қаулысына сәйкес Қазақстан кәсіподақтары күні 10 қазанда аталып келеді. 

Президентіміз Қасым Жомарт ТоқаевЕңбек адамының жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етудегі кәсіподақтар қызметінің маңыздылығын атап өткен болатын. Кәсіподақ көшбасшылары– еңбекші, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігінің сақталуына, әлеуметтік әділдіктің орнауына өз үлестерін қосып, азаматтық белсенділік танытып, үміт артып сайлаған әріптестерінің сенімінен шығып жүрген қоғам белсенділері.

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының Құттықтауын жеткізіп келген басқарма басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов кәсіподақтардың қоғамдағы орны, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы медиаторлық қызметі туралы айтып, жиналғандарды мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

2022 жыл ҚР Кәсіподақтар федерациясының Бас Кеңесінің қаулысымен «Әлеуметтік әріптестік жылы» болып қабылдануына байланысты Салалық кәсіподақ  Кеңесі «Күшіміз – бірлікте» атты республикалық байқау жариялаған болатын.

Қызылорда облыстық кәсіподақ филиалынан 2 бастауыш ұйым осы республикалық байқауға қатысып, салалық 2-кезеңде басқа аймақтардағы әріптестерімен бақ сынасты.

Мәдениет, спорт және ақпарат саласы бойынша республикалық байқаудың «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» номинациясында Қызылорда облыстық филармониясы, «Үздік әлеуметтік серіктес» номинациясы бойынша «Мұз айдыны» кәсіпорын жұмыс берушісі үздік танылып, Салалық кәсіподақтың Дипломдарына ие болды. Бұл екі бастауыш ұйым облыстық филиал тарапынан құнды сыйлықтармен марапатталды, кәсіподақ төрағалары Заитов Қанат (облыстық филармония)  пен Алматова Жадыраға (Мұз айдыны) жиында арнайы сертификаттар табысталды.

Ұжымда ынтымақ пен бірліктің ұйытқысы болып, қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүрген бір топ кәсіподақ мүшелері Салалық кәсіподақтың, облыстық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет Грамоталарымен және облыстық филиалдың Алғыс хаттарымен марапатталды. Республикалық байқау жеңімпаздары, барлық марапатталушылар әріптестерінің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<