МӘМС бойынша онкосрининг қызметі тегін өткізіледі

718

0

Міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде скринингтік тексерулер мен кәсіби тексерулер сақтандырылған азаматтар үшін тегін, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Қор филиалы басшысының айтуынша, тегін онкоскринингтің үш түрі қарастырылған: сүт безі қатерлі ісігі (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін), колоректальды қатерлі ісік (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер үшін), жатыр мойны обыры (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін). Скрининг тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша емханада тегін жүргізіледі.

Алайда, ерте сатысында анықталған  көптеген ісіктерді емдеуге болады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда қатерлі ісік ауруының ерте диагностикасы жақсарғаны қуантады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 4 617 онкологиялық науқастарды емдеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 1 575,8 млн теңге бөлінді. 2021 жылы онкоскринингтерді жүргізуге 1 648,5 млн теңге жоспарланған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<