Мердігер мекемелер марапатталды

824

0

«Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы аясында Сыр өңірінде ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Биыл облыста 50 білім беру мекемесі жөндеуден өтті. М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер компанияларды марапаттау шарасына облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов қатысып, компания қызметкерлерін «Алғыс хатпен» марапаттады.

Жол картасы бойынша өңірде 276 жобаны жүзеге асыру, 9 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жөндеуден өткен оқу орындарының ішінде И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі ағымдағы жөндеуден, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі, Арал индустриалды-техникалық колледжі, Арал көпсалалы колледжі мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі күрделі жөндеуден өтті.

Облыс әкімінің орынбасары  ғасырға жуық тарихы бар оқу орнына жасалған күрделі жөндеу жұмыстары сапалы жүргізілгенін атап өтті.

Бүгінде білім ордасы ғимаратының сыртқы келбеті заманауи архитектуралық үлгіде қайта өңделіп, жалпы күрделі жөндеу жұмысына 263 295 926,21 теңге қаражат бөлінді. Биыл мамыр айында басталған жұмыстар қыркүйек айында аяқталды. Ғимараттарды күрделі жөндеу нысаны жөнінде мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс арқылы ұтып алған мердігер компания «СК Энерго – OIL», ал жобаның авторы – «Проект Сервис» ЖШС. Құрылыс жұмыстары барысында 82 адам нәтижелі жұмыспен қамтылды.

Шара соңында компания қызметкерлеріне оқытушылар мен студенттер атынан колледж директоры Бақытжан Сайлыбаев алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<