Мерейтоймен құттықтады

485

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ел дамуына елеулі еңбек сіңірген Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Қасқырбай Әлімбайды 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Аймақ басшысы ардагердің ерен еңбегі мен өнегелі өмір жолына тоқталып, алғыс білдірді.

– Мәнді де мағыналы, ғибратты ғұмыр кешіп, кіндігі байланған жерге адал қызмет еткен адамның абырой-беделі қашанда биік. Елдің сый-құрметіне бөленген Қасқырбай Әлімбайұлының азаматтық тұлғасы, адами болмысы өз алдына бір бөлек. Сіздің туған жерге сіңірген еңбегіңізді ел біледі және мақтаныш етеді. Парасатқа толы ғұмырыңыздағы өнегелі істеріңіз – ұрпаққа үлгі-өнеге. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажымай-талмай атқарған еңбегіңізге алғысымыз шексіз, – деді облыс әкімі.

Сыр елінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қасқырбай Әлімбайұлына Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасы табысталды.

Мерейтой иесін Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов, ел ағалары Бекмырза Еламанов және Айтбай Көшербаев құттықтады.

Қасқырбай Әлімбайұлы 1948 жылы Қазалы ауданы, Бірлік елді мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1965 жылы Энгельс атындағы совхозда жұмысшы-механизатор болып бастаған. 1975-1995 жылдары осы совхозда еңбекақы жөнінде экономист, «Қызылту» совхозының бас экономисі, Абай атындағы колхоз басқармасы төрағасының орынбасары, партия ұйымының хатшысы, Ү.Түктібаев атындағы кеңшар директоры, аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің төрағасы, Қазалы аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, «Құмжиек» кеңшарының директоры қызметтерін атқарған. 1995 жылдан осы уақытқа дейін «Жалаңтөс батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 2012 жылдан «Қазалы несие» басқарма төрағасы міндетін қоса атқарып келеді.

Қазалы аудандық кеңесінің депутаты, аудандық партияның бюро мүшесі, облыстық партия комитетінің мүшелігіне сайланып, ІV, V, VІ шақырылған Қазалы аудандық мәслихатының депутаты болған.

Қызылорда облысы

әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<