Өнімдері экспортқа шығарылуда

242

0

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керектігін атап көрсеткен болатын.

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, облыс­тың агрокартасы бойынша биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытудың нысаналы индикаторлары белгіленді. Агрокарта аясында облыстың ауыл шаруа­шылығы саласында бірқатар ірі жобалар іске асырылды.

– Бүгінгі күні облыста егін егу жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл барлығы 183,8 мың гектар алқапқа ауыл шар­уа­шылығы дақылы орналасып, межеден 5,2 мың гектарға артық орындалды. Агрокарта бойынша, биыл облыста егілген майлы дақыл көлемі 7 мың гектарды, малазықтық дақыл көлемі 62,7 мың гектарды құрады, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Маржан Өмірбаева.

2018 жылы облыстан 34,5 млн долларды құрайтын 95,8 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, 2017 жылмен салыстырғанда 18,2% артқан. Оның ішінде, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 94,5% құрап отыр.

Сондай-ақ, өткен жылдан бастап экспортталатын өнім түрлері ұлғайтылып, Қытай, Түркия, Араб Әмірлігі мемлекеттерінің нарығында игерілуде. Биыл экспортқа бағытталған жобалық құны 5,4 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<