«NUR OTAN»: Нақты істер мен мүмкіндіктер партиясы

812

0

Алдағы партияішілік іріктеу партияның ең белсенді және сенімді мүшелерін анықтау мақсатында өткізіледі. Менің ойымша, партия үшін өте маңызды және қажетті қадам. Бұл үміткерлер арасындағы бәсекелі күрес, ең үздік сайлауалды бағдарламаны ұсынып, оны орындау жөніндегі нақты қадамдарды анықтап, көпшілік дауысқа ие болғандар сайлауалды тізімге енеді.

Жаңа парламенттік маусымның басталуы алдында «Nur Otan» партиясы Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, үшін бәсекелестік негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау мақсатында партиялық жүйедегі ең оңтайлы әдіс-тәсілдерді және тиімді идеяны жинақтайтын әрі көшбасшы бола алатын азаматтарды таңдауға себеп болатын тиімді жүйе – праймеризді өткізу ережесін ұсынып отыр.

Іріктелген ең мықты, сауатты, қоғам алдында жауапкершілігін сезінген Қазақстан азаматтары ертең Мәжіліс пен Мәслихатқа келіп жатса, халыққа жақын саясаттың жүргізілуі анық. Праймериз билік партиясының өзі қоғамға жақын болуына, оның мұң-мұқтажын терең сезінуіне тамаша мүмкіндік беретіні сөзсіз.

«Nur Otan» партиясының осы бастамасы заман талабына сай өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйенген нағыз идеологиялық мәні бар нақты іс деп білемін!

Мен партияның белсенді мүшесі ретінде барша отандастарды Праймеризге белсенді қатысуға шақырамын!

Нұрлыбек Ахатаев,

«Nur Otan» партиясы «Тұран» филиалына қарасты «Айқын» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Қорқы Ата атындағы ҚМУ химиялық зерттеулер және технологиялар институтының аға ғылыми қызметкері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<