Нұргүл Сқақова: «Балаларды қорғау үшін екпе салдырдым»

1014

0

Нұргүл Сқақова – алғашқылардың бірі болып вакцина салдырған медицина қызметкері. Ол облыстық мамандандырылған сәби үйінің жоғары дәрежелі балалар дәрігері. «Experts Hub Kazakhstan» денсаулық сақтау, медицина және биологиялық ғылымдар саласындағы отандық сарапшылардың коммуникациялық дағдыларын дамыту бойынша эксперті қызметін де атқарады.

Вакцинаны отбасы мүшелері мен туыстары да салдырған. Қазіргі таңда инфекцияны жұқтырып аламын деген қауіптің сейілгенін айтады.

– Өзім балалардың денсаулығына жауаптымын. Оларды фирустан қорғау үшін екпе салдырдым. Осылай ғана ұжымдық иммунитет қалыптастырып, вирусқа төтеп беруге болады. Қазір қаламыздағы бірнеше емханаларда вакцина салдыру пункттері жұмыс жасауда. Вакцина салдырамын деген кісілерге барлық жағдай жасалған. Осы ретте дәрігер ретінде баршаңызды қарапайым гигиеналық талаптарды сақтауға шақырамын! Сонымен қатар бетперде тағып, әлеуметтік арақашықты сақтау қажет. Отбасылық жиындарды кейінге қалдырып, той-томалақтардан бас тартқан абзал. Қазіргі күні вакцинаға қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелердің тарап жүргенін білеміз. Бұл ретте маман ретінде, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын, – деді Нұргүл Сқақова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<