Облыста көп қолданылатын электронды қызмет түрі қандай?

650

0

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қызылордалықтар арасында онлайн түрде электронды үкімет порталы арқылы алынатын, ең көп тараған қызмет — электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу. Тек осы жылдың басынан бастап ХҚКО арқылы қала бойынша 71 343, аудан бойынша 131 159 ЭЦҚ берілген. Жалпы, облыс бойынша 202 502 Электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) алынған.

Қызылорда облысы тұрғындарының жалпы саны 780 мыңға жуықадамды құрайтынын ескере отырып, ЭЦҚ алу бүгінгі таңда ең танымал ғана емес, сондай – ақ сұранысқа ие қызметке айналды деп айтуға болады!

Естеріңізге сала кетейік, қазір ЭЦҚ алу бұрыңғы кезге қарағанда әлдеқайда ыңғайлыболды. Енді электрондық үкімет порталындағы «ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу» сервисін пайдалану арқылы небәрі 5 минуттың ішінде ЭЦҚ алуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<