Өнер жолындағы өрен

1383

0

Байқоңырлық биші Дильназ Есенбаева – №273 орта мектептің 11 сынып оқушысы. Биік белестерді бағындырып жүрген өнерлі жас жақында ғана Алматы қаласында өткен «Ұлы Дала жастары – 2024» VI республикалық жас хореографтар байқауынан жүлдемен оралды.

Бұған дейін де түрлі сайыстарда жүлделерге ие болып жүрген өреннің өнерге келу жолы көркем гимнастикадан басталған. Осы кезден бастап биге, өнерге деген қызығушылығы ашылған. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, өзін жан-жақты дамытуға әпкесі үлкен үлес қосыпты.

Дильназ Байқоңыр қаласындағы В.Комаров атындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту орталығында «Сыр гүлі» тобында 9 жыл биге қатысқан. Қазіргі таңда «Элеганс» тобында дайындалуда. Талабы таудай талантты жастың жетістікке жетуіне ұстазы Аида Нұрданқызының үлесі мол.

Мектеп бітірген соң Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түссем дейді. Болашақта еліміздің эстрада жұлдыздарымен бірге үлкен іс-шаралар ұйымдастырып, Қазақстан мен Азияға танымал би мектебін ашқысы келеді.

Мөлдір САҒЫНБАЕВА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда

 университетінің 4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<