Өзекті мәселелер талқыланды

280

0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңірдің өзекті мәселелері талқыланған жедел мәжіліс өтті.

Алдымен аймақ басшысы Астана қаласындағы маңызды іс-шаралардың жоғары деңгейде өткенін айтып, оның ұйымдастырылуына атсалысқан әріптестеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ елордада Сыр өңірінің бірқатар кезек күттірмес мәселелері көтерілгенін атап өтті.

«8 желтоқсан күні Президент Әкімшілігінде Мемлекет басшысы тапсырмаларының өңірде жүзеге асырылу барысын баяндадым. ҚР Премьер-министрі Әлихан Асханұлының қабылдауында болып, облыс орталығын ыстық сумен қамту, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің Ақтөбе облысына дейінгі бағытын І санатқа ауыстыру жайын талқыладық. Қаражат бөлу мәселесі қолдау тапты, келесі жылы жұмыс басталады», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Мәжілісте облыс әкімі күннің күрт суытуына байланысты тіршілікті қамтасыз етуші кәсіпорындар жұмысын күшейтіп, жылу беру маусымын тұрақты өткізу қажеттігін тағы да еске салды. Ауа райы өзгергенде көмірге сұраныс артатынын қаперге салып, отын қорын жасақтамаған әкімдерге ескерту жасады. Мұнан бөлек, өңірде сұйытылған газды тұрғындарға сату, Сырдария өзеніндегі мұз ұстасу барысын бақылау және елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу жайына назар аударылды. Автомобиль жолдарын күтіп ұстауға қажетті материалдар мен техникалардың дайындығы және балаларды қызылша ауруына қарсы вакциналау туралы айтылды. Аймақ басшысы аталған мәселелер бойынша тиісті тапсырма беріп, жұмысты күнделікті қадағалауды міндеттеді.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<