Онкология орталығы жаңа ғимаратта

691

0

Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов жаңа ғимаратта жұмысын бастаған облыстық онкология орталығына барды.

Облыстық онкология ор­талығы биылғы 19 шiлдеден бастап бұрынғы модульдік инфекция орталығына көшкен болатын. Орталық бас дәрігерi Нұржамал Жұмағалиқызы облыс әкімінің орынбасары мен аймақтың бас дәрігерін жаңа орында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Сондай-ақ, олар науқас­тармен кездесiп, ұсыныс-пiкiр­лерiн тыңдады.  Ем­делу­шілер ғимараттың кең әрi заманауи құрылғылармен жаб­дықталғанын, мұнда ем алуға толық жағдай жасалғанын айтып, алғыс бiлдiрдi. Облыс әкімінің орынбасары орта­лық қызметкерлеріне әрбір науқастың жағдайын жіті ба­қылап отыру керектігін айтып, бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, облыстық онкология орталығы 2002 жылдан бастап онко­логиялық сырқаты бар пациенттердің стационарлы ем қабылдауына бейімделмеген облыстық көпбейінді ауруханада қызмет көрсетіп келді. Өткен аптаның сәрсенбісінен бастап аталған орталық 200 төсектік бұрынғы модульді инфекциялық стационарда жұмысын жалғастыруда.

Аталған орталықтың емхана бөлімі дәрігердiң кеңесін қажет ететін және жоспарлы ем алу мақсатында ауруханаға жолданған пациенттерді де қабылдап жатыр. Ғимараттың әр палатасы 2-3 ем алушыға арналған және пациенттер үшін арнайы санитарлық тораптармен, желдеткіштермен, орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілген. Ал жансақтау бөлімі 6 төсек-орыннан 12-16 төсек-орынға дейін кеңей­тілген, бұған қоса, заманауи құрал­дармен жабдықталған опера­циялық 2 зал бар. Қосымша жаңа компьютерлік томограф, заманауи рентген аппараты және видеоэндоскопиялық аппаратпен жабдықталған.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<