Орман және жануарлар дүниесін қорғаушы мамандар көлікпен қамтылды

617

0

Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне автокөлік пен мотоциклдер табысталды.

Ауданымыздың табиғатын сауықтыру, орманды сақтау, қорғау мен молықтыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген орманшыларымызды аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлы арнайы құттықтады.

«Жалағаш ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесінің орманшы инспекторларына облыстық бюджеттен 95 млн теңге қаражат бөлініп, 1 дана Урал өрт сөндіру автокөлігі, 10 дана арнайы қызметтік мотоциклдің кілтін табыстады.

– Халқымызда «Атадан мал қалғанша – тал қалсын» деген даналық сөз бар. Орман – біздің баға жетпес байлығымыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тал егу, орманды алқаптарды ұлғайту ісіне тікелей назар аударып отыр. Бұл орайда «Жалағаш ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесінде еңбек ететін 70-ке жуық білікті де жауапты мамандар аса маңызды жұмысты адал атқарып жүргені сөзсіз.

Сіздер қыстың қақаған аязы мен бұрқаған боранында, жаздың аптап ыстығында табиғаттың осынау керемет сыйын көздің қарашығындай қорғайсыздар. 769 мың гектардан астам алқапты табиғи және адам қолымен жасалатын апаттардан аман сақтау ерінбей еңбек етіп келесіздер. – деді аудан әкімі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орман қоры жерлерін күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарын сапалы жүргізу, орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатында тиісті өз жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<