Отбасы – басты құндылық

293

0

15 мамыр – халықаралық   отбасы   күні.  Атаулы күнді  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бекіткен. Мереке қарсаңында “Достық үйінде” облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Оған кеңес мүшелері, этномәдени бірлестіктердің белсенділері, көпбалалы аналар, отбасы, әйелдер мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ басшылары қатысты. Шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын жастар арасында дәріптеу.

Жиын “Татулық табыс кілті” ҚХА туралы видеороликті тамашалаудан бастау алды. Мұнан соң «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Рахима Ахметова шараға қатысушыларды мерекемен құт­тықтаса, “Рухани жаңғыру” ор­талығының бөлім басшысы Әлима Әбдіқалықов, ұлттық құндылық, бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі секілді маңызды мәселелерді сөз етті.

Бұдан бөлек, “Ақ босаға” қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Аңсатова, облыстық татар этномәдени бірлестігінің белсендісі Р.Смаханова, өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары М.Абдугафарова, “Қыз Жібек” қыздар клубының басшысы Н.Аймаханова, “Жомарт” еріктілер үйі ҚБ жетекшісі Майя Наримова сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, қоғамда жиі орын алып жатқан ажырасу, бала тәрбиесіндегі кемшіліктер, ата-анаға құрмет, кішіге ізет көрсету секілді мәселелерді тілге тиек етті.

Шара соңында Аналар кеңесінің белсенділері арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<