Парламент депутаттарымен кездесті

462

0

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңiрге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты  Руслан Рүстемовпен, Мәжілістегі «AMANAT» партиясының фракция мүшелері Мархабат Жайымбетов және Мұрат Ергешбаевпен кездесті.

Кездесуде алдағы уақытта облыста атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін депутаттар Сырдария ауданының Айдарлы, Амангелді, Қалжан ахун ауылдарында болып, аудан орталығы Тереңөзек кентінде жеке қабылдау өткізді.

Бүгін Жалағаш және Қызылорда қаласында болып, сәрсенбі күні Шиелі ауданына барады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<