Қызылордада жас қызметкерлермен зерделеу жұмыстары жүргізілді

651

1

«Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан жас маман өйткені, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал, жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына тәрбие нұрын себуші – ана-анасының қолында». Осы орайда жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, антына адалдығын  арттыру,  әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерделеу мақсатында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4  мекемесінің кадр саясаты тобы  жоспар  құрып, жас мамандардың тұрғылықты мекенжайын аралауды жүзеге асыруда.

Мекеменің психологы әділет аға лейтенанты М.Маханова  жас мамандардың бірі бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылып-өткізу бекеті бойынша бақылаушысы әділет кіші сержанты Рахымов Мерей Әліпбайұлы мен  бақылаушылар қызметі бөлімінің тұрғын –аймақ бойынша бақылаушысы әділет аға сержанты Меңбаева Назерке Орақбайқызының отбасы мүшелерімен танысып, отбасылық жағдайларын анықтады. Сонымен қоса отбасы мүшелерімен сөйлесіп, қызмет кезінде туындайтын қиын шақтарды отбасының қолдауы, қамқорлығы  қажет екендігін айтса, жас мамандарға  сотталған азаматтармен жұмыс жасауда шыдамдылық танытып, сабырлық сақтау, өзін орынды ұстауы жөнінде кеңес берілді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<