«Қайсар» «Жеңіспен» тең түсті

1761

0

Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы турында қызылордалық «Қайсар»  елордалық «Жеңіс» командасымен кездесті. Қолайсыз ауа райына қарамастан қарсыластар тартысты ойын өткізді.

Биыл жергілікті клуб шетелдік ойыншылардан бас тартуға шешім қабылдады. Бұған дейінгі қазақстандық тәжірибелі футболшыларды толықтай сақтап қалған «Қайсар» олардың қатарына қызылордалық жастарды қосты. Әрине, ел футболының тарихында бұл – ерекше бастама. Сондықтан қазақстандық жанкүйерлердің қызығушылығы айрықша болып тұр.

Кездесу барысында екі команда да шабуылға көбірек көңіл бөлді. Алғашқыда елордалық футболшылар тізгінді өз қолына алуға тырысты. Қос қанаттан жиі шабуыл жасап, гол соғуға тырысты. «Қайсар» қорғаушылары тойтарыс берді. Одан кейін қызылордалық жігіттердің де белсенділігі байқала бастады.

Екінші кезең басталған сәттен ауа райы құбылды. Қалың қар жауып, ойынға едәуір кедергі келтірді. Соған қарамастан командалар кездесуді одан әрі жалғастырды. Әйтсе де олар 0:0 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

 «Қайсар» алдағы ойынын 8 наурызда Семейдің «Елімай» командасына қарсы өткізеді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<