«Қайсарға» жаңа ойыншылар сынаққа келді

705

0

Қаңтар айының алғашқы күндерінде қызылордалық «Қайсар» Түркияға екінші оқу-жаттығу жиынын өткізуге аттанып кетті. Онда 28 қаңтарға дейін алдағы маусымға дайындығын пысықтайды.

Оқу-жаттығу жиынында команда алты жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Алдымен 11 қаңтарда Әзербайжанның «Шамахы» клубымен кездессе, одан кейін 16 қаңтарда Косовоның «Балкани», 18 қаңтарда Әзербайжанның «Кяпаз», 23 қаңтарда Сербияның «Раднички» клубтарымен шеберлік байқасады. Ал 25 қаңтарда Болгарияның «Локомотив» (София) командасымен ойнаса, 26 қаңтарда сербиялық «Вождавацпен» жасыл алаңға шығады.

Бүгінде бас бапкер Виктор ­Кумыков шетелдік және қазақстандық ойыншыларды сы­нақ­тан өткізіп жатыр. Олардың арасында Буркино-Фасодан келген Бен Азиз Загре, ­Гвинея-Бисау футболшысы Проспер Менди бар. Африка құрлығының өкілдері өз елдерінің құрамаларында ойнайды. Бен Азиз Загре бұған дейін Португалияның «Гимарайнш», Арменияның «Улисс», Данияның «Эсьберг» командаларында ойын көрсеткен. Ол қызылордалық команданың Түр­кия­дағы алғашқы жиынына қатысып, Өзбекстан олимпиадалық құрамасына қарсы кездесуде гол соқты. Ал 26 жастағы қорғаушы Проспер Менди футболшылық мансабында франциялық «Монтфермейл», норвегиялық «Стремсгодсет»,  бельгия­лық «Виртон» және бол­гариялық «Спартак Варна» клуб­тарының жейдесін киген.

Сондай-ақ, алғашқы оқу-жат­тығу жиынына қатысқан молдовалық қақпашы Степан Сикач, украиналық қорғаушы Виталий Приндета бұл жолы да «Қайсардың» дайындығына қатысуға мүм­кіндік алды. 

Оқу-жаттығу жиынының төр­тінші күнінде қызылордалық команда сынағына беларусьтік 23 жастағы жартылай қорғаушы Дмитрий Бородин қосылды. Ол былтыр шымкенттік «Ордабасы» сапында Қазақстан кубогін еншілеген еді. Д. Бородин клубтық мансабында Беларусьтің «Гомель», «Динамо» (Минск), «Ислочь», Ресейдің «Чайка» секілді клубтарында ойнаған.

Қазақстандық қорғаушылар Қуаныш Қалмұратов пен Әділет Кеңесбек те сынаққа келді. Былтыр екеуі де «Тараз» сапында жасыл алаңға шықты. Қуаныш Қалмұратов 2016, 2020 жылдарда «Қайсар» сапында ойнаған еді. Сондай-ақ, ол «Атырау», «Астана 1964», «Тұран» секілді клубтарда доп тепті. Әділет Кеңесбек бұған дейін «Тараз» сапында 29 ­ойында 3 гол соққан.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<