Қала жастары Наурыз мерекесін ерекше атап өтті

357

0

Фото: Жастар ресурстық орталығы

🌷 Биылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Наурыз мерекесі жаңа форматта өтеді. Наурыз мейрамының 14-23 наурыз аралығында тойлануы және бұл кезеңді «Наурызнама» деп атау ұсынылған болатын. Жаңа формат аясында Көрісу күні, Қайырымдылық, Ұлттық дәстүр, Отбасы, Ұлттық киім, Жаңару, Ұлттық спорт түрлері, Ынтымақ, Бірлік, Жаңа жыл және Тазалық күндері аталып өтіледі.

🌷 Дәстүр бойынша Наурыз мейрамын бүкіл ауыл болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алып, ағаш отырғызып, гүл егеді екен. Бұл күн жер-жерде ат бәйгесі, көкпар тарту, қыз қуу, палуандар күресі тектес ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылады. Осы орайда Жастар орталығы аулаға көшет отырғызып, “Наурызнамаға” сай ұлттық спорт күні аясында садақ ату, бес тас, арқан тату және ләңгі тебу секілді ұлттық ойындар ойнатып, сайыс жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен марапаттады.

🌷 Халқымыздың дәстүрлерін дәріптеп, қастерлеу мақсатында тұсау кесер рәсімі өткізілді. Бүлдіршіннің тұсауын облысымыздың қоғамдық даму басқармасы басшысы Алмасбек Әбілқасымұлы кесіп, батасын берді.

🌷 Шара концерттік бағдарламамен және қала тұрғындарына жайылған мерекелік дастархан, көже, бауырсақ таратумен жалғасын тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<