Қамқоршылық кеңес оқушыларға қолдау көрсетуге дайын

373

0

Фото: НЗМ

Қызылорда қаласындағы NIS-те Қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Білім ордасының алқалы басқару органы мүшелері мектеп ішін аралап, ғылыми жобалар көрмесінде оқушылардың бірегей IT өнертабыстарын, мобильді қосымша мен тілді меңгеруге арналған үстел ойының және туризмді дамытуға арналған жаңа шешімдерін тамашалады. Сарапшылар жас өрендердің жұмыстарын жоғары бағалап, одан әрі табысты ету үшін бизнес жоспар құру қажеттілігін атап өтті.

Дөңгелек үстел басында кеңес мүшелері мектеп директоры Жаңбыржан Бекболатовтың есебін тыңдады. Ол өткен жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысына тоқталып, түлектердің жоғары оқу орындарына түсу көрсеткіштерін баяндады. Сондай-ақ, сәуір айына жоспарланған халықаралық мектептер Кеңесінің мектепті аккредиттеу науқаны бойынша ақпарат беріп, оқыту жүйесі мен ғылыми қызметті жетілдіруге арналған жаңа жобаларымен бөлісті. Қатысушылар мектептің даму перспективалары туралы сөз қозғап, Қамқоршылық кеңестің алдағы жұмыс жоспарын бекітті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<