Қанат Исламның келесі айқастарының қашан өтетіні белгілі болды

458

0

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) биыл тағы екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы The Ring-ке берген сұхбатында 36 жастағы қазақстандықтың промоутері Нельсон Лопес мәлім етті. Лопестің айтуынша, олар маусым мен қыркүйек айларына жоспарланған. Бұл күрделі айқас алдындағы «бой жазатын» жекпе-жектер болмақ.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам 2019 жылдың қазанында Уолтер Каутондоквуды(18-2, 17 КО) жеңіп, WBO International нұсқасы бойынша орта салмақта чемпион белбеуін қорғаған болатын. Содан бері ол шаршы алаңға шықпаған еді. Бүгін қазақстандық боксшы Майамиде (АҚШ) эквадорлық Джейсон Минданы (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта нокаутпен жеңді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<