Қанатбек Жайсаңбаев жаңа қызметке тағайындалды

810

0

Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Қанатбек Жайсаңбаев 1980 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының сот-прокурорлық факультетін бітірген, заңгер.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясы Қызылорда филиалының дәріскерінен бастады.

2001 жылдың тамызынан желтоқсан айына дейін ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімгерлігі жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің бас маманы.

2001-2003 жж. – Қызылорда облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы.

2003-2005 жж. – бас инспекторы, бөлім меңгерушісі.

2005-2007 жж. – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы.

2007-2008 жж. – «Kazakh Integrated Services» ЖШС заңгері (Астана қ.). 2007 жылдың қазанынан – «CNRG Capital» ЖШС Өкілдігінің заңгері (Астана қ.).

2008-2010 жж. – Қызылорда облысы әкімінің аппарат жетекшісінің орынбасары.

2010-2016 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<