Қаңтарда ауа райы қандай болады?

579

0

«Қазгидромет» РМК-сы 2021 жылдың қаңтар айының ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның консультативті болжамына сәйкес, 2021 жылы қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында болады, Қазақстанның шығыс жартысында 1°C мөлшерден төмен болуы мүмкін.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстіктің кей жерлерінде нормадан аз болады деп болжанып отыр.

Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерде бірнеше суық толқындар күтіледі. Ауа температурасы қаңтардың екінші жартысында төмендей түседі.

Бұл ретте ауа температурасы:

солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 °С дейін, кей жерлерде -39 °С дейін, күндіз -20-27 °С дейін;

республиканың батысында түнде -20-27 °С дейін, күндіз -10-20 °С дейін;

оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 °С дейін, жерлерде -30 °С, күндіз -7-15 °С дейін төмендейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<