Қармақшылық түлектерге мамандық таңдауда кеңестер берілді

586

0

Жосалы кенті орталығындағы Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің бітіруші түлектерімен кездесу өтіп, мамандық таңдауға кеңестер берілді.

Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілген кездесуге аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» директоры О. Мұнарбаев, белгілі ұстаз, білім беру ісінің үздігі Р. Қаратаева, аудандық мәслихат депутаты А. Скендіров, аудандық орталық аурухананың орынбасары А. Жаналиев, «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Е. Сәдуұлы тағы да басқа сала мамандары қатысты.

Алғашқы сөзді №250 мектеп – лицейінің директоры Г.Мұнарбаева алып, мамандық таңдаудың маңыздылығына тоқталып, пікірімен бөлісті.

Кездесу барысында оқушыларға сала мамандары ауданға қажетті мамандар туралы айтты.  Сөз кезегінде оқушылар мамандық иелеріне сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Айта кетерлігі №250 мектеп – лицейдің жанындағы жатақханада ауылдық елдімекендерден келген тәрбиеленушілер білім алуда.

Бүгінде мұнда білім нәрімен сусындаған түлектер қоғамда өз орындарын тауып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.  Соның бірі айтыскер ақын – Сырым Әділбеков.

Кездесуді ұйымдастырған жатақхана тәрбиешілері Э. Қойшыбаева, А. Жетпісбаева арнайы дайындаған слайд арқылы мамандықтардың маңыздылығына тоқталып,  бағыт – бағдар берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<