Қатар-2022: Месси әлем чемпионатында гол салу жөнінен Пелені қуып жетті

712

0

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионатында гол салу жөнінен Пелені қуып жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Франциямен өтіп жатқан финалдық матчтың 23-минутында Месси 11 метрлік айып добын дәл орындап, есеп ашты.

Бұл оның әлем чемпионатындағы 12-інші голы еді. Бұл жөнінен Месси футбол королі Пелені қуып жетті.

Месси осы біріншілікте алтыншы голын соғып, жекедара мергендер көшін бастады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Хорватия құрамасы қақпашысының соққыны қайтару жөнінен үздік атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Месси әлем чемпионаттарының рекордын орнатты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<