Қазалы ауданында пластикалық бөтелкелер өндірілуде

274

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

Бүгінгі «Ауыл аманаты» айдарындағы кейіпкеріміз – Қазалы ауданының тұрғыны Ақбала Шүйіншәлі. Ол өткен жылы «Байқоңыр» ӘКК» АҚ арқылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие алып, Ақтөбеден пластик бөтелкелер құятын Ресейдің «Техноиндустрия» компаниясының жабдығына қол жеткізген болатын.

Кейіпкеріміз 10 жылдан бері кәсіппен айналысып келеді. Бүгінде оның жеке аралас дүкені аудан халқына қызмет көрсетуде. Дүкенінде құйылмалы сусын сататындықтан сырттан пластикалық ыдысқа тапсырыс беріп келген. Әр бөтелкенің бір данасы 65 теңгеден сатып алып отырған. Ақбола сондықтан жан-жақты ізденіп, өзі осы кәсіпті бастауды қолға алған.

Бүгінде біз пластикалық бөтелкелердің 0,5 және 5 литр көлемдегілерін шығарудамыз. Алғашында 1,5-2 литрлігінен 500 данасын шығардық. Жалпы бұл құрылғы 1 сағатта 500-600 данасын өндіреді. Бір күнде 3000-ға дейін басып шығара алады. Бөтелкелерге арналған қақпақ пен шикізатты Алматыдан тапсырыспен алдырып отырмыз, – дейді жас кәсіпкер.

Қазіргі таңда Ақбала арнайы бағдарлама арқылы ашқан кәсібі арқылы 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсібін де кеңейтуден кенде емес. Жаңа идеялары көп еңбекқор кәсіпкер алдағы уақытта дәмхана мен өзге де өндіріс орнын ашуды жоспарлап отырғандығын жеткізді.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<