Қазалыда тіл жанашырлары марапатталды

914

0

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

Салтанатты шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев көпшілікті тіл мерекесімен құттықтап, тәуелсіз елдің тұғырын биіктетер мемлекеттік тілді дамытудағы игі істер туралы айтты.

Мұнан соң аудандағы бірқатар тіл жанашырлары облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасы және аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Басқосуда аудандағы тіл жанашырлары, аймақтық «Тұран-Қазалы» газеті бас редакторының орынбасары Раушанбек Сейтенов, М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейінің мұғалімі, «Бірлік Единство этномәдени» қоғамдық келісім бірлестігінің мүшесі Нафиса Жұма, Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының мұғалімі Лаура Әлібекова өздерінің ой-пікірлерін айтып, құттықтау сөз сөйледі.

Тіл мерекесін өнер саңлақтары жандандыра түсті. Бақытбек Мәкеев «Тіл туралы толғаныс» атты арнау өлеңін нақышына келтіріп оқып берсе, аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары «Анамның тілі» әнін әуелете шырқады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз