Қазалылықтар жолаушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуде

239

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірнеше күннен бері Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты облыс аумағындағы «Самара-Шымкент» тас жолы жабылып, жол қозғалысына шектеу қойылған болатын.

Осыған байланысты қазалылықтар жол бойы қызмет көрсету кешендерінде тұрақтаған жолаушыларға мүмкіндігінше көмек көрсетіп, азық-түлікпен, дәрі-дәрмек және ауыз сумен қамтамасыз етуде.

Дәл қазіргі уақытта аудан әкімдігінің және қазалылық азаматтардың ұйымдастыруымен күре жолдың бойында орналасқан «Мирас», «Арзан 1», «Арзан 2» жол бойы қызмет көрсету кешендерінде қазан асылып, жолаушыларға тегін тамақ пен ыстық шәй ұсынылуда.

Аудан аумағындағы жол бойы кешендерін аудан басшысы Мұхтар Оразбаев аралап көріп, жолаушылардың жағдайын біліп, олармен тілдесті.

Бүгінгі таңда кешендерде азық-түлік және басқа да қорлар жеткілікті, жағдай тұрақты бақылауға алынған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<