Қазақстандық вакцина наурыз айында қолданысқа шығады

987

0

Ақпан айында ресейлік вакцина қолданысқа шыға бастайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандықтардың қажеттілігін қамтамасыз ететін вакцина шығаратын зауыттың салынуын күтіп отырмыз. Бұл зауыт жылына вакцинаның 60 млн дозасын шығара алады. Вакцинациялауды өзімізде бар көлемде жүзеге асыра бастаймыз, ары қарайғы қажеттілікті аталған зауыт өндіріп береді деп ойлаймыз», – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Ол ақпан айында ресейлік вакцинаның қолданысқа шығарыла бастайтындығын айтты.

«Одан кейін кезең кезеңімен, ай сайын қазақстандық вакцинаны да қолданысқа шығара бастаймыз. Қазақстандық вакцина наурыз айында қолданысқа шығады. Вакциналар нарыққа шыққаннан кейін негізгі қажеттілікті қамтамасыз етеміз деп ойлаймын», – дейді министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<