Қазақстандық велоспортшы жеңімпаз атанды

782

0

Қазақстандық Евгений Федоров Воллонгонгтағы (Аустралия) тас жолында велоспорттан Әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ол топтық жарыста үздік атанды (169.8 шақырым).

Мәреге екінші болып Матиас Вачек (Чехия) келді. Норвегиядан келген Сорен Вереншельд үздік үштікті қорытындылады.

Қазақстан бұл турнирде соңғы рет 10 жыл бұрын жеңіске жеткен. Онда Алексей Луценко чемпион атанған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<