Қазақстандықтар мамыр айында неше күн демалады?

173

0

Қазақстан азаматтары мамырда қанша күн демалатыны белгілі болды. Мамыр айында елімізде үш мереке тойланады.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Мереке күні сенбіге сәйкес келіп тұрғандықтан бес күн жұмыс істейтіндер 1-3 мамыр аралығында демалады.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. 8 мамыр – сенбі. 9 мамыр – Жеңіс күні жексенбіге түсіп тұр. Сондықтан мерекелік демалыс күні дүйсенбі, 10 мамырға ауысады. Осылайша, қазақстандықтар 7-10 мамыр аралығында төрт күн демалады.

Жалпы 2021 жылдың мамырында 13 күн демалыс болады.

Қазақстандықтар мамырда наурыз айымен салыстырғанда бір күн артық демалады.

Айта кетейік, биыл аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 120 демалыс күні бар.

baribar.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз