Қазгидромет: Мамырдың 30-ы күнгі ауа райы болжамы

495

0

«Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 30-ы күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктерді өтіп, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшейіп, солтүстікте және оңтүстік-батыста тұман түседі. .

Жамбыл, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.

Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, Маңғыстау облысының кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Ақмола облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Ақмола облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<