«Қазпошта» акционерлік қоғамының қызылорда облыстық филиалы

456

0

Қызылорда қалалық байланыс торабының 1977 жылдың 25 желтоқсанындағы №254 бұйрығы бойынша Қызылорда пошта-телеграф станциясы, 1987 жылдың 29 желтоқсанындағы №191-к бұйрығы бойынша Қызылорда поштампы болып, 1997 жылдың 30 мамырындағы №74 бұйрығымен Қызылорда мемлекеттік пошта байланысы кәсіпорны, 1999 жылдың 3 тамызындағы №163 бұйрығымен республикалық пошта байланысы мемлекеттік қызметі Қызылорда облыстық филиалы болып құрылды.

Қазақстанның пошта саласы 1995 жылдың қараша айынан бастап республикалық мемлекеттік пошта байланысы кәсіпорны, 2000 жылдың шілде айынан бастап «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамы, 2004 жылдың 24 қаңтарында «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы болды.

2007-2010 жылдарға арналған пошта инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2007 жылы 7 байланыс бөлімшесі іске қосылды. Олар Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандарының орталықтарында және Қызылорда қаласының КБИ, «Арай» мөлтек аудандарында бой көтерді. Осы бағдарламаға сәйкес ауылдарда 11 жаңа ғимарат салынып, іске қосылды. Өндірістік процес негізінен баспасөз басылымдарын, хат-хабарларды халыққа уақытылы жеткізу.

«Қазпошта» АҚ 2000 жылдың сәуір айынан бастап банк операцияларын жүргізу үшін Ұлттық Банктің мемлекеттік лицензиясын алды. Осы лицензияны басшылыққа ала отырып жинақ жүйесін қалыптастырып банктік қызмет көрсетті.

 «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының алға қойған міндеттерінің бірі – пошта-жинақ жүйесін толығымен дамыту, сонымен қатар республика деңгейінде алдыңғы қатардағы филиал қатарына шығуға жұмыс бағытын ұйымдастыру.

«Қазпошта» АҚ – кеңестік кезеңнен кейінгі серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын, қалалар мен ауылды аймақтарда пошталық, қаржылық және логистикалық сапалы толық қызметтер көрсететін, Қазақстан Республикасының пошта байланысының ұлттық операторы.

Облыстық архив қорынан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<