Қоғамдық көлік: жол сызбасы қайта қаралуда

804

0

Бүгінде Қызылорда қаласы бойынша 400-ге жуық қоғамдық көлік тұрғындарға күнделікті қызмет көрсетеді. Оның ішінде – 25 бағыт қалаішілік болса, қалған 8 бағыт қала маңындағы елді мекендерге қатынайды.

Қоғамдық көліктердің жол сызбасын тұрғындардың сұранысына сәйкес оңтайландыру үшін тиісті шаралар жасалуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Бауыржан Оспанов мәлімдеді.

– Қаланың бірқатар шағын аудандарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жол сызба әзірленді. Осы ретте жолаушылар тасымалына арналған конкурс өткізілмек. Соңғы кезде қоғамдық көлік мәселесіне байланысты пікір көп. Айта кетейік, әлемді жайлаған пандемияға байланысты жолаушылар ағыны едәуір азайып, тасымал қызметін көрсететін жеке кәсіпкерлер біршама шығынға ұшырады. Шығындарды өтеу үшін облыстық бюджеттен субсидиялауға қажетті құжат дайындалды. Субсидиялаудағы басты мақсат – жол жүру тарифінің өсуіне жол бермеу және жолаушы тасымалы қызметін жақсарту.

Қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесін пайдалану 70 процентті құрады. Сұранысын қанағаттандыру үшін тиісті шаралар жүргізілетін болады», – деді ол.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<