Қорғаста бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған

303

0

Фото: Жетісу облысы Полиция департаменті

6 қыркүйекте «Қорғас» ХШЫО аумағында төбелес болды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Төбелеске 20-26 жас аралығындағы бір топ жергілікті тұрғындар қатысқан. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілді. Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ», – делінген Жетісу облысы Полиция департаментінің хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда, оның қорытындысы бойынша қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Табылған травматикалық тапанша тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Аталған істі тергеп-тексеруді облыстық департамент ерекше бақылауға алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<