ҚР ҰҚК Қазалы аудандық бөлімшесінің басшысы тағайындалды

319

0

Бүгін Қазалыда Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің Қазалы аудандық бөлімшесінің жаңа бастығы тағайындалды.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуға ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті бастығының орынбасары Тимур Тоғысбаев қатысты.

Басқосуды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жүргізіп, мәжіліске қатысушыларға аудандық бөлімшенің жаңа бастығы Қонысбек Дархан Уәлиханұлын таныстырып өтті. Сондай-ақ Дархан Уәлиханұлының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, аудандағы ауқымды істерді бірлесе атқаратындығын жеткізді.

Аудан басшысы мұнан соң, бұған дейін аудандық бөлімшенің бастығы қызметін атқарып келген Нұрболат Ермекбайұлына алғысын білдіріп, Қазалы ауданының «Құрмет грамотасын» табыста

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<