Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Қыз-қызғалдақ! Ана-мейірім! Әже-шуақ!» атты салтанатты мерекелік шара өтті.

Аудан әкімі Ахатов Нұржан Сабитұлының іссапарда болуына байланысты мерекелік кешті аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Болатбек Ысмағұлов ашып беріп, аналар мен қыз-келіншектерді төл мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, әр салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар сала мамандарын марапаттады.

Мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<