Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары басқа қызметке ауысты

1636

0

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Әбішев Еркін Жұмаханұлы басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Еркін Жұмаханұлы 1987 жылы 3 маусымда Арал ауданы Шижаға елді мекенінде дүниеге келген.

Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Аударма ісі» және «Болашақ» университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.

Еркін Әбішев еңбек жолын 2009-2010 жылдары Қызылорда облыстық «Азаматтық Альянс» қауымдастығының» Қазалы ауданы бойынша өкілі болып бастаған.

Сондай-ақ, 2010-2013 жылдары Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2013-2014 жылдары «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Ақпараттық саясат және БАҚ-қа мониторинг бөлімінің бас маманы және бөлім басшысы, 2014-2017 жылдары Арал аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы, 2017 жылдың сәуір – тамыз айлары аралығында Октябрь ауылдық округінің әкімі, 2017-2018 жылдары  Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<