Қызылордада бір аптада 92 отбасы жанжалы тіркелген

231

0

Фото: ашық дереккөз

Аталған хабарламалар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының таптарына сәйкес 92 құқық бұзушыға әкімшілік шара көру үшін сотқа жолданды, сонымен қатар 5 құжат құқық бұзушылықтың белгісі анықталмауына байланысты номенклатуралық іске жолданды. Басқарманың профилактикалық тізімдік есебіне қорғау нұсқамасы санатымен 45 құқық бұзушы есепке алынса, 4 құқық бұзушының мінез-құлқына Ерекше талап белгіленген.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобы аталған тізімдік есепке алынған тұлғалардың мекен-жайларын тексеріліп, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Зорлық-зомбылық бір басталса өздігінен доғарылмайды. Сіз немесе сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болса, төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласып, көмекке жүгіне аласыз!

Сенім телефоны: 111

Қызылорда қалалық полиция басқармасы: 102

Жәйсіз күйде қалған әйел азаматшаларға дағдарыс орталықтарының нөмірлері:

«Қамқорлық» дағдарыс орталығы: 8(7242 ) 30-25-40; 8-777-340-87-34; 8-777-456-11-06

«Жан» дағдарыс орталығы: 1-16-16

«Аналар Үйі» қоғамдық қоры: 14-22

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<