Қызылордада черлидинг би сайысы өтті

1633

0

Фото: Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен облыстың  оқу орындары арасында «Жастар есірткіге қарсы!» ұранымен черлидинг спорттық би түрінен байқау ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты: кәмелетке толмағандар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтына баулу.

Қатысушылар черлидер биінің шеберлігінде, техникасында және хореографиясында жарысты. Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші тур аудан орталықтары мен Қызылорда қаласында өткізілді. Байқаудың екінші кезеңіне бірінші турдың 20 жеңімпаз командасы қатысты.

Қатысушылар үш номинация бойынша бағаланды: көркемділік (фигураларды құру, фигураларды құрудың ерекше идеялары, музыка мен қойылымдарды оңтайлы таңдау, әртістік қабілеттер және т.б.); композицияны синхронды орындау; қатысушылардың сыртқы келбеті (костюм, шаш үлгісі, макияж).

Сайыстың финалистері мен басты жеңімпаздары болып: Сырдария ауданы N131 орта мектеп, Қармақшы ауданы N273 орта мектеп, Шиелі ауданы N48 мектеп-лицейлер танылды. Қатысушы 10 ынталы оқу орны марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<