«Жер сағаты» акциясы өтеді

1242

0

Халықаралық акция 27 наурыз күнгі жергілікті уақытпен сағат 19.30 бен 20.30 аралығына (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20.30-21.30) тұспа-тұс келіп отыр.

Акцияның негізгі мақсаты – ғаламшар ресурстарына жауапты және ұқыпты қарауға адамдардың назарын аудару. Жыл сайын 180 елде миллиондаған адам жарық пен электр құрылғыларын 1 сағатқа сөндіреді. Олардың арасында Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизей сияқты мыңдаған сәулет ескерткіші бар.

Қазақстанда «Жер сағаты» акциясы жыл өткен сайын танымал болып келеді. Егер бұрын бұл науқанды тек ірі қалалар қолдаса, соңғы екі жыл қатарынан елдің барлық өңірлері акцияға қосылып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<