Қызылордада кәмелет жасқа толмаған қызының нәрестесін сатпақ болған әйел ұсталды

414

0

Қызылорда облыстық Полиция департаменті аталған оқиғаның болғанын растады, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Осы жылдың 7 қыркүйегінде тіркелген дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігімен (кәмелетке толмағандар саудасы дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді», – делінген хабарламада.

Оқиғаға байланысты облыстық Білім басқармасы түсініктеме беріп, бақылауға алынғанын жеткізді.

«Оқиға тіркелген уақыттан бастап білім бөлімінің қамқоршылық қорғаншылық функциясын жүзеге асыратын орган мамандары бақылауға алды. Оған қатысты тиісті шаралар атқарылды. Бүгінгі таңда сәби кәмелетке толмаған анасының қолында екендігін жеткіземіз», – деді облыстық Білім басқармасынан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<