Қызылордада су каналынан 3 млн теңгенің шлюздары ұрланды

339

0

Қызылордада су каналынан темір шлюз ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сырдария ауданына қарасты Қоғалыкөл ауылынан 15 шақырым жердегі каналдан үш дана темір шлюзы ұрланды. Олардың біреуі шамамен 1 миллион теңге тұрады. «Оқиға бойынша жедел-іздестіру іс -шаралары жүргізілді. Аталған шара барысында 3 азамат ұсталды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<