Қызылордалық студент халықаралық зерттеушілер байқауынан табысты оралды

271

0

Қызылордалық студент Ақжайық Тәжі халықаралық зерттеушілер байқауынан табысты оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық зерттеушілер байқауына Қазақстан және өзге де елдерден 120-ға жуық жас ғалымдар қатысты. Байқау негізгі 3 кезеңнен тұрады. Қатысушылар алғашқы кезеңде 72 сағатта ғылыми мақалаларды дайындау туралы вебинарға қатысып білімін шындады.

Екінші кезеңде жерлесіміз Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы ҚазҰПУ-дан ішкі және шетелдік рецензенттердің қатысуымен үздік ғылыми жобаға сараптау жүргізілді.

Осылайша халықаралық байқау жеңімпаздары анықталды.

Ақжайық Тәжі барлық кезеңнен сүрінбей өтіп, финалда үшінші орынды иемденді. Оның ғылыми еңбегі халықаралық басылымда жарияланатын болды.

Айта кетсек, ол Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде тәлім алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<