Рейд жұмыстары жалғасуда

349

0

Фото: Қала әкімдігі

ҚАЛА ӘКІМДІГІ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН ЖЕДЕЛ ТОППЕН ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған жедел топ әр аумақта, оның ішінде ойын-сауық мекемелерінде, көңіл көтеретін орындарда күшейтілген түнгі рейд жұмыстарын жүргізуде.

Рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 19 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, ата-аналарына үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, 2 кәсіпкерлік нысан басшылығына кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орталығына кіруіне рұқсат бергені үшін ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік қаралды. Бұдан бөлек, 2 жасөспірім заңды өкілдері келгенше уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды.

Естеріңізге сала кетсек, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз балалар мен жасөспірімдер ойын-сауық мекемелерінде тек сағат 22.00-ге дейін, ал көшеде сағат 23.00-ге дейін болуға рұқсат етіледі. Егер, бұл талап сақталмаған жағдайда, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу немесе білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша ата-ана жауапкершілікке тартылады.

Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<