Рухани кездесу

514

0

Қызылорда және Ақтөбе облысының епископы Владыка Игнатий Сыр өңіріне келді. Ол Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және Славяне этномәдени бірлестігінің жұмысымен етене танысу мақсатында алғашқы рет Достық үйінде болды.

Епископты Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы мен Славяне орталығының жетекшісі Галина Щербакова күтіп алып, достықтың киелі шаңырағын аралатты.

Епископ Владыка Игнатий Славяне эмб белсенділері және жастармен жүздесіп, рухани бағытта әңгімелесті. Достық, татулық, жалпыұлттық бірлік бағытында сөз қозғады. Сонымен бірге, қазіргі замандағы әлеуметтік желінің зияны, оған деген тәуелділік, көзбе-көз қарым-қатынасты ығыстырып, әуестікке айналғандығын атап өтті.

– Мен әлеуметтік желінің жастарға кері әсерін жиі айтамын. Себебі интернетті шамадан тыс қолдану – жастарды әлеуметтік бөлшектеу, жалғыздыққа, депрессияға шалдығуға, арандатушылыққа апарып соғуы мүмкін. Сондықтан жастарға көбіне бос уақыттарында кітап оқып, спортпен шұғылдануға, рухани жағынан бай болуға шақырамын, – деді.

Кездесу соңында Владыка Игнатий Достық үйі мен Славяне орталығының жұмысына сәттілік тілеп, тілек кітапшасына өзінің ізгі лебізін жазып, қалдырды.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<