Сайлауда тұрғындардың 83,6 проценті дауыс берді

666

0

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясына келіп түскен қорытынды ақпаратқа сәйкес сайлаушылардың 83,6 пайызы дауыс берген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев баяндады.

-Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 7295 – 90,97% құрап отыр.


Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 2496 – 93,38%
Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 2854 – 83,70%.


Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 3156 – 87,76%.


Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 2584 – 92,02%
Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 3324–78,67 %.


Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 8440 – 74,43 %.

Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтті, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз – шағымдар түскен жоқ,-деді Ғалым Қонақбайұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<